Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
524.65
-0.63
607.02
-0.83
¥
73.72
-0.07
6.48
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізбек

Күні кеше Мәскеуде, Кремль сарайында екі елдің президенттері келіссөз жүргізді

Новости Казахстана / Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізбек
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөзде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ықпалдастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін арттыру міндетін қойдық. Менің ойымша, бұл қол жеткізуге болатын көрсеткіш. Таяу келешекте мақсатымызға орындалады деп ойлаймын, - деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. - Ресей Федерациясымен атом энергиясы саласындағы ынтымақтастыққа айрықша тоқталғым келеді. Көп ұзамай "Росатоммен" станса құрылысын бастауға мүмкіндік беретін өте маңызды келісімдерге қол қоямыз. Бұл – серпінді жоба. Өйткені атом электр стансасы ғана салынбайды, мүлдем жаңа сала пайда болады.

Мемлекет басшысы білім саласындағы ықпалдастықты да атап өтті. Ресейдің 9 жоғары оқу орны, соның ішінде танымал университеттер Қазақстанда филиалдарын ашты. Сонымен қатар Омбы университеті жанынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылды. Бұл да елеулі оқиға.

Жалпы, білім саласына ерекше мән беремін. Өйткені жастарымызға жағдай жасау керек деп санаймын. Біздің мақсатымыз – жастарға Қазақстан мен Ресейдің жаңа тарихи және геосаяси кезеңдегі ынтымақтастығы мен достық байланыстарын аманаттау. Өскелең ұрпақ мұндай қарым-қатынассыз осынау алмағайып заманда өмір сүру мүмкін емес екенін түсінуге тиіс. Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары бұл міндетті белгілі бір деңгейде орындап отыр. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады деп ойлаймын. Сол себепті Сізді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

РФ Президенті Владимир Путин Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ұмтылатындарын айтты.

Негізгі құжаттарда жазылған уағдаластықтардың өзектілігін өмірдің өзі көрсетуде. Қазақстан мен Ресей – жақын серіктес, достас әрі одақтас елдер. Бұл нақты істерден байқалады, - деді ол. - Ресей – Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі және басты инвесторлар қатарында. Былтыр сауда айналымы 27 миллиард доллардан асты. Биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 20 миллиард долларға жетті. Көптеген ресейлік компания Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның бизнес өкілдері де Ресейде өз кәсіптерін ашып, белсенді жүргізуде. Біз халықаралық аренада тығыз байланыс орнаттық. Бірқатар өңірлік ұйымға мүшеміз. Алдағы күндері Бішкекте өтетін ҰҚШҰ форумында, одан кейін Санкт-Петербургтегі ТМД-ға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі басқосуларында кездесеміз. Бағдарламамыз өте мазмұнды, оның барлығы орындалып жатыр. Сіздің бүгінгі сапарыңыздың қорытындысы бойынша меморандумдар әзірленді. Бұл байланыстарымызды жоғары мемлекетаралық деңгейге шығаруды көздейді. Әрине, бұл бізді қуантады. Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ұмтыламыз.

Следующая →