Өскемен
Бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Риддер
    +6°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Ақтау
    +14°
  • Атырау
    +21°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +18°
  • Түркістан
    +22°
  • Орал
    +11°
  • Шымкент
    +23°
$
482.33
557.57
¥
70.05
5.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл елдегі 80 теміржол вокзалы пайдалануға беріледі

Вокзалдардың шамамен 70%-ы отыз жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген

Новости Казахстана / Биыл елдегі 80 теміржол вокзалы пайдалануға беріледі
Фото:
pexels

Теміжол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жобаның тапсырыс берушісі – "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компания, ал мердігер ұйымдар жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылған.

Қазіргі уақытта 100 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қыс мезгіліне дайындық қамтамасыз етілген. Жолаушыларға арналған уақытша құрылыстар мен күту аймақтары әзір. 124 нысанның 121-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған 3 вокзал бойынша тарихи-мәдени мұра нысандары ретінде ғылыми-зерттеулер жағасуда. Ол нысандарға жөндеу 2026 жылы жүргізілетін болады, - деді вице-министр.

Оның айтуынша вокзалдардың шамамен 70%-ы отыз жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Техникалық тексерулер нәтижесінде кейбір тіреуіш бағандар мен жекелеген конструкцияларда ары қарай пайдалануға жарамсыз ақаулар анықталған. Осыған байланысты 42 нысан толықтай бұзылды.

Биыл 80-нен астам вокзал пайдалануға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдар құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейтуі қажет, - деді ол.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Теміржол вокзалы Жөндеу ҚР