Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
522.49
-5.82
601.07
-7.28
¥
73.34
-0.85
6.47
-0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

4 жылда Қазақстанға 40-қа жуық Пржевальский жылқысы жеткізілмек

2024-2025 жылдары екі топпен 14 Пржевальский жылқысы жеткізілген

Новости Казахстана / 4 жылда Қазақстанға 40-қа жуық Пржевальский жылқысы жеткізілмек
Фото:
pexels

Қазақстан мен Чех Республикасы арасындағы алғашқы ынтымақтастық жөніндегі келісімдер 2023 жылы жасалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында Қостанай облысындағы "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының базасында "Алиби" жабайы тұяқтыларды қайта бейімдеу орталығы құрылған.

2024-2025 жылдары Қазақстанға екі топпен 14 Пржевальский жылқысы жеткізілді. Бірінші топтағы жылқылар бейімделу кезеңінен кейін биыл шілде айында табиғи ортаға жіберілді. 7 бас жылқы қазіргі уақытта вольерде бақылауда, - деді Данияр Тұрғамбаев

Пржевальский жылқысын Қазақстанның табиғатына қайтару жұмыстары Прага хайуанаттар бағы, Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы, Франкфурт зоологиялық қоғамы, Нюрнберг және Берлин хайуанаттар бақтары, сондай-ақ Венгрияның "Хортобадь" ұлттық паркімен бірлесе жүзеге асырылуда.

Следующая →