Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +14°
$
530.07
-0.08
615.2
-2.27
¥
74.54
-0.13
6.58
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда Үндістан жоғару оқу орнының бөлімі ашылады

ІІМ Басқару академиясы базасында Үндістанның сот сараптамасы және IT-криминалистика саласындағы топ-университетінің филиалы ашылмақ

Новости Казахстана / Қазақстанда Үндістан жоғару оқу орнының бөлімі ашылады
Фото:
t.me/SayasatNurbek

Осы мәселе бойынша бүгін оқу орнының базасында үшжақты кездесу өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков және Үндістан Ұлттық сот ғылымдары университетінің өкілі Шри Джадежа қатысты.

Бұл бастама – Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі. Енді елімізде сот сараптамасы, цифрлық криминалистика және киберқауіпсіздік салаларында халықаралық стандарттарға сай жоғары білікті мамандар даярланатын болады. Бұл бағытта дайындалған түлектер заманауи технологияларды меңгеріп, құқық қорғау және қауіпсіздік жүйесінің сапалы дамуына үлес қоспақ.

NFSU – әлемдегі сот ғылымдары мен IT-криминалистика саласының үздік жоғары оқу орындарының бірі. Оның тәжірибесінің Қазақстанға келуі – білім беру мен тәжірибені ұштастыратын ерекше мүмкіндік. Университет филиалының ашылуы арқылы қос дипломдық бағдарламалар іске қосылып, ғылыми-зерттеу жобалары мен кәсіби тағылымдамалар ұйымдастырылады. Бұл тек жаңа оқу орны ғана емес, білім мен ғылымды нақты өмірмен байланыстыратын инновациялық алаң болмақ.

Следующая →