Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +14°
$
530.07
-0.08
615.2
-2.27
¥
74.54
-0.13
6.58
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қызылорда облысында инвестиция көлемі 233 пайызға артқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Новости Казахстана / Қызылорда облысында инвестиция көлемі 233 пайызға артқан
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Облыстың инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев соңғы 4 жылда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 233 пайызға артқанын баяндады.

Биыл 720 миллиард теңгеден астам қаржы тарту жоспарланған. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 70 пайызды құрайды, - деді облыс әкімі. - Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда аймақта құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл жалпы құны 302 миллиард 500 миллион теңге болатын 27 нысанды іске қосу жоспарланған. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысы облыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Следующая →