Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +14°
$
530.07
-0.08
615.2
-2.27
¥
74.54
-0.13
6.58
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент "Қорқыт ата" халықаралық әуежайының жаңа терминалында болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары "Қорқыт ата" халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды

Новости Казахстана / Президент "Қорқыт ата" халықаралық әуежайының жаңа терминалында болды
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.

Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.

Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 4,3 миллиард теңге бөлінді.

Қорқыт ата әуежайы.jpg

Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды. Нысан Халықаралық азаматтық авиация комитеті (ICAO) мен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

"Қорқыт ата" әуежайынан Air Astana, FlyArystan және Qazaq Air әуе компаниялары аптасына 29 рейс орындайды. Қазіргі кезде терминал жанынан "Қазаэронавигация" РМК жаңа диспетчерлік мұнара мен әкімшілік-техникалық ғимараттың құрылысын жүргізіп жатыр.

Жобаның іске асуы Сыр өңірінің көлік инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, туристік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын да арттыруға оң септігін тигізеді.

Следующая →