Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +14°
$
538.12
+1.80
627.02
+0.12
¥
75.56
+0.29
6.65
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауыл баласына да Гарвардқа жолдама алуға мүмкіндік бар

Қазақстанның шалғай ауылдарындағы 64 000 бала әлемнің үздік жоғары оқу орнына түсу үшін білім жарыстыруда

Новости Казахстана / Ауыл баласына да Гарвардқа жолдама алуға мүмкіндік бар
Фото:
iqanat.kz

Қазақстан өңірлерінің бәрінде IQanat олимпиадасының І туры басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Олимпиадаға 3300 ауыл және 170-тен астам ауданнан 64 000 бала тіркелді. Бірінші кезең аясында балалар кешенді тестілеуден өтіп, олардың математикалық және оқу сауаттылығы, логикалық ойлау мен қазақ тілі бойынша білімі бағаланады.

Олимпиаданың барлық үш турынан сәтті өткен жеңімпаздарға қамқоршылар IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасы бойынша оқуға грант береді. Оның аясында балалар ҰБТ және халықаралық емтихандарға дайындалады, ағылшын тілін тереңдетіп, ІТ, кәсіпкерлік және soft skills дағдыларын дамытады.

Балалар үшін бұл расымен де олардың өмірін өзгертетін мүмкіндік. Біздің дайындықтан кейін IQanat түлектерінің 94%-ы ЖОО-на грантпен түседі. Өткен жылы IQanat Назарбаев университетіне түскен түлектер саны бойынша үздік 5 мектептің қатарына кірді. Қазір онда біздің 90-ға жуық түлегіміз білім алып жатыр. Олардың саны тек өсіп келеді. Одан бөлек, "айқанаттықтар" шетелдің университеттеріне оқуға түседі. Біздің түлектеріміз әлемнің 19 елінде білім алуда. Балалардың ынтасын одан әрі арттыру үшін жоба қамқоршылары америкалық беделді ЖОО-да оқудан бөлек, жатын, жол және өзге де шығындарды өтейтін грант бөлді. Ауыл балалары үшін мұндай мүмкіндіктер бұған дейін тек арман болатын, - дейді жобаның атқарушы дирекотры Азамат Ашамаев.

IQanat-қа қазақстандық 240 мықты кәсіпкер қолдау көрсетеді. Олар – жобаға қатысып жатқан балалар үшін үлгі. Қамқоршылардың бәрінің де өз оқиғасы ерекше: олардың да көбі ауылда туған, тек өз білімі мен еңбегіне сүйеніп, жетістіктерге жеткен.

Следующая →