Өскемен
ясно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +17°
$
536.32
-1.52
626.9
+0.05
¥
75.27
-0.21
6.6
-0.19
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19 қазанда Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі

Новости Казахстана / Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Мереке қарсаңында Мемлекет басшысы бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Конституциямыздың алғашқы бабында "Адам және адамның өмірі – мемлекеттің ең қымбат қазынасы" екені анық көрсетілген. Азаматтық қорғау саласының әр қызметкері ел қауіпсіздігі және азаматтарымыздың амандығы үшін қажырлы еңбек етуде. Шын мәнінде, құтқарушы болу – кез келген төтенше жағдайға дайын тұру, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан адам өміріне араша түсу деген сөз. Бұл – әрине, өте абыройлы іс, жауапты қызмет. Халқымыз өздеріңіз сияқты батыл, ержүрек және ең бастысы, нағыз отаншыл азаматтарды әрдайым мақтан тұтады. Сіздердің адал қызметтеріңіз – өскелең ұрпақ үшін өте жақсы үлгі-өнеге, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент соңғы жылдары еліміз бастан өткерген табиғи апаттардың ең ауыр салмағы құтқарушыларға түскенін айтты. 

Былтыр алапат су тасқыны кезінде сіздер жұртты қауіпсіз жерге көшіріп, апаттан аман алып қалдыңыздар. Қостанайда, Семейде және басқа да аймақтарда болған орман өртіне қарсы тұрып, тілсіз жаумен күрестіңіздер. Төтенше жағдай болған аймақтарға өзім де арнайы бардым. Ерлікке бергісіз нағыз еңбекті өз көзіммен көрдім. Сондықтан азаматтық қорғау саласы мамандарының кәсіби шеберлігі және табанды еңбегінің арқасында біз бір ел болып барлық қиындықты еңсердік деп толық сеніммен айтуға болады. Жалпы, құтқарушыларымыз соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалды. Сондай-ақ шетелдегі гуманитарлық миссияларға қатысып, кәсіби деңгейі жоғары озық маман екенін дәлелдеді. Сол арқылы еліміздің халықаралық беделін арттыруға атсалысты. Осы орайда бүгін мен еліміздегі барлық құтқарушыларға тағы да зор алғысымды айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Следующая →