Сарыбелде халықаралық стандартқа сай қонақүй салынады
Самар ауданының әкімдігі Pana Asia танымал қонақ үй компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мемлекет басшысының туризмді дамыту тапсырмасы аясында Бұқтырманың жағалауында демалыс үйі бой көтермек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ең алғаш рет Сарыбелде халықаралық стандартқа сай заманауи қонақ үй бой көтермек, ол Бұқтырма су қоймасының әсем жағалауында орналасады.
Pana Asia - отандық алғашқы басқарушы компания. Олардың қазіргі уақытта Алматы, Шымкент және Мәскеуде қонақ үйлері бар, енді Сарыбел де осы қатарға қосылмақ. Сонымен қатар, компания құрамына "Тары" кофеханасы мен "Сандық" мейрамханалары да кіреді, - дейді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов. - Бұл ынтымақтастық - ауданымыздағы туризмді дамытудың және инвестициялық тартымдылықты арттырудың нақты әрі маңызды қадамы. Aq Niet Group командасына және Нуржан Ниязалиевке сенім білдіріп, бірге жұмыс істеуге дайын болғандары үшін алғысымыз шексіз.
Облыс әкімінің тапсырмасымен Бұқтырма су қоймасының жағалауында заманауи серуен аймағы жобаланып, құжаттамасы әзірленіп жатқанын айтқан Серік Жеңісов ауданға инвесторлар шақырады.