Өскемен
малооблачно
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +17°
$
539.56
+0.93
627.35
+5.12
¥
75.71
+0.28
6.84
+0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда биыл 326 мың тонна нан өндірілді

Әлемде жыл сайын 16 қазанда "Нан күні" атап өтіледі

Новости Казахстана / Қазақстанда биыл 326 мың тонна нан өндірілді
Фото:
pexels

Қазіргі таңда Қазақстандағы нан өндірісі ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Өткен жылы елімізде 510,1 мың тонна нан өндірілсе, ағымдағы жылдың қаңтар–тамыз айларында бұл көрсеткіш 326,3 мың тоннаны құрады, - делінген ақпаратта. - Бүгінде нан зауыттарының өндірістік қуаты жылына 457,4 мың тоннаға жетеді. Өнімнің негізгі бөлігі – бидай ұнынан пісірілген қалыпты нан. Оның үлесі жалпы ассортименттің шамамен 60%-ын құрайды.

Аайта кеткен жөн, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіледі. 2021–2030 жылдарға арналған АӨК дамыту тұжырымдамасы аясында жылына 2 мың тоннадан астам нан-тоқаш немесе кондитерлік өнім өндіретін кәсіпорындарға инвестициялық шығындарының 25%-ын өтеу түрінде қолдау қарастырылған.

Бұдан бөлек, ұн өндірушілер үшін салықтық жеңілдіктер бар. Салық кодексінің 411-бабына сәйкес, бұл саладағы ҚҚС мөлшерлемесі 70%-ға төмендетілген.

Следующая →