Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті
ҚР Президенті өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойған болатын

Бірінші отырысқа түрлі салада қызмет етіп жүрген елге танымал азаматтар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. - Жұмыс тобының әр мүшесі осы тарихи міндетті дұрыс түсініп, белсенді жұмыс істейді деп сенемін.
Жұмыс тобының алғашқы отырысына Парламенттің, Президент әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары.