Шығыстың бишілері Қытайда өнер көрсетіп, қазақ биін әлемге танытты
ҚХР Шаньси провинциясының Тайюань қаласында ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұралар комитеті ұйымдастырған халықаралық "Ганнат" өнер фестивалі өтті

Қазақстан атынан Өскемендегі "Алтай" би ансамблі мен Тарбағатай ауданының "Барқытбел" этно-ансамблі қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Фестивальге АҚШ, Перу, Австралия, Франция, Болгария, Польша, Малайзия, Тайланд, Буркина-Фасо, Грузия сынды әлемнің 15-тен астам елінен 500-ге жуық өнерпаз келіп, ұлттық мәдениеттің үздік үлгісін көрсетті. Фестивальдің басты мақсаты - әлем мәдениеттерінің өзара тоғысуы, ұлттық өнерді халықаралық деңгейде таныту, бейбітшілік пен бірлік идеяларын өнер арқылы жеткізу.
Қазақстандық бишілер 1 қазаннан бастап қытай көрермендері алдында 24 рет жеке концерт, ал фестиваль аясында 40-тан аса өнер көрсетілімін ұсынды. "Алтай" би ансамблінің барлық сахналық композицияларын "Барқытбел" ансамблі жанды музыкалық сүйемелдеумен орындай отырып, қазақ халқының бай өнерін көрсетті, - деп мәлімдеді ШҚО филармониясы.
Фестиваль тарихи "Құс қалашығында" өтті - бұл б.з.д. 1200 жылдары салынған, Минь дәуіріне тиесілі сәулет ескерткіші, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізілген нысан. Іс-шара аясында заманауи инфрақұрылымға сай Бродвей, Дижон, Бургундия сахналары орнатылып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін өнерге ашық алаң ұсынылды.