Өскемен
пасмурно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +5°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +11°
$
545.67
-1.90
636.41
-6.22
¥
76.65
-0.27
6.57
-0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқушыларды жұмысшы мамандықтарға мектептен бейімдей бастады

Жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып ашылмақ

Новости Казахстана / Оқушыларды жұмысшы мамандықтарға мектептен бейімдей бастады
Фото:
ҚР Оқу-ағарту министрлігінен

Бұл сыныптарда жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдыларды меңгереді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Мұндағы мақсат – мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру, - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Осыған орай, қазақстандық мектептерде 2025-2026 оқу жылында техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және мәдениет, медицина және әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша бейіндік сыныптар ашылуда.

Бейіндік сыныптар 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналып, өңірдегі жұмысшы мамандықтар немесе өзге де салалар бойынша кадр тапшылығын айқындайтын әрі сол мамандықтарға бағыттайтын бейіндік мазмұнда жұмыс істейді. Бұл процеске өңірдегі жоғары оқу орындары, колледждер және жұмыс берушілер де атсалысады. Айта кетейік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге болады, - делінген хабарламада.

Следующая →