Өскемен
малооблачно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +17°
$
541.54
+1.48
629.16
+0.91
¥
76.04
+0.18
6.64
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөз ауданында жаңа жансақтау бөлімшесі салынды

Аягөз қаласындағы орталық аудандық аурухана жанында бөлек реанимациялық бөлімше ашылды

Новости Казахстана / Аягөз ауданында жаңа жансақтау бөлімшесі салынды
Фото:
t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Реанимация бөлімі бұған дейін аурухананың бейімделген бөлмесінде орналасқан еді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

1976 жылы пайдалануға берілген аудандық ауруханада 220 төсек-орындық стационар және ауданға қарасты емдеу мекемелері бар. Мұнда 800-ге жуық адам жұмыс істейді, 50 мыңға тарта тұрғын тіркелген.

10 төсекке арналған жаңа реанимациялық бөлімшенің құрылысы 2024 жылы басталған. Ғимарат "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынды, - деп мәлімдеді Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Реанимация бөлімі бұған дейін аурухананың бейімделген бөлмесінде орналасқан болатын. Енді жаңа нысанда оқшауланған палаталар, диализ бөлмесі, бейнебақылау жүйесі, қан сақтау қоймасы, дәрігерлерге арналған қосымша бөлмелер болады. Сонымен қатар, нысан жасанды тыныс алдыру аппараттары, мобильді рентген, жоғары сапалы ультрадыбыстық құрылғы, видеофибробронхоскоп, дефибрилляторлар және басқа да заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек. Бұл жабдықтар реанимациялық көмектің сапасын едәуір арттыруға және науқастарға дер кезінде әрі білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа бөлімшеде жыл сайын шамамен 500 науқас, оның ішінде 60-қа жуық бала ем қабылдайды. Алдағы уақытта ауруханаға магнитті-резонанстық томограф орнату үшін жапсаржай салу жоспарланып отыр.

Следующая →