Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +15°
$
546.96
-2.19
642.73
-1.15
¥
76.83
-0.31
6.7
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр

Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында өтіп жатқан додаға 18 елдің спортшылары қатысуда

Новости Казахстана / Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр
Фото:
t.me/sport_comiteti

Бүгінгі күні ерлер арасындағы жекелей сында отандасымыз Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін 1-орынға жайғасты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Спорт комитеті ақпаратына сүйеніп.

Отандасымыз, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған Challenger сериясындағы 6-шы жарысқа Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Канада, Қытай, Финляндия, Грузия, Италия, Оңтүстік Корея, Швеция, АҚШ, Эстония, Испания және Германиядан келген мәнерлеп сырғанаушылар қатысуда. Еліміздің намысын 24 спортшы қорғайды. 

Турнирге Этери Тутберидзе, Татьяна Тарасова және Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясының бас хатшысы Александр Коган секілді әйгілі жаттықтырушылар мен спорт қайраткерлері де келді.

Denis Ten Memorial Challenge – Қазақстанда жыл сайын өтетін халықаралық турнир. Жарысты Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы мен Денис Тен қоры ұйымдастырады. Алғашқы турнир 2019 жылы өткізілсе, 2021 жылдан бері ISU Challenger Series санатына енгізілген.

Бүгінгі таңда ерлер арасындағы жекелей сында отандасымыз Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін 1-орынға жайғасты. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 балл жинады.

Ерлер, қысқа бағдарлама:

1. Михаил Шайдоров (Қазақстан) - 95.01 балл

2. Ника Эгадзе (Грузия) - 87.58 балл

3. Джейсон Браун (АҚШ) - 86.61 балл

Әйелдер, қысқа бағдарлама:

1. Хэин Ли (Оңтүстік Корея) - 64.78 балл

2. Мадлен Шизас (Канада) - 55.55

3. Джозефин Ли (АҚШ) - 54.15

Айта кетейік, әйелдер арасындағы еркін бағдарлама бүгін өтіп, жүлдегерлер белгілі болады. Ал ерлер ертең мұзайдынға шығады.

Следующая →