"Taza Qazaqstan": Жастар Алматыдан Қызылордаға дейінгі аумақты қоқыстан тазартпақ
Бүгін Алматы облысынан ауқымды экологиялық шара – "Taza Qazaqstan" road-эстафетасы басталды

Road-эстафета қатысушылар бір апта ішінде Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсермек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "AMANAT" партиясының ақпаратына сүйеніп.
Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау және азаматтардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Жобаға "Жастар Рухы" жастар қанатының мыңдаған белсендісі мен жергілікті тұрғындар атсалысады. Қатысушылар тек қоқыс тазартып қана қоймай, депутаттар халықпен кездесіп, жастарға арналған open-air іс-шаралары, қоғамдық қабылдаулар және таза ауада "Чемпиондық рух" жаттығулары өтеді.
Сонымен қатар, "Вандализмге жол жоқ!" жобасы шеңберінде "Тұлғалар тұғыры" мемориалдық кешені, "Ақыртас" сарай кешені, "Бірлік" монументі және ежелгі Сауран қалашығы сияқты тарихи нысандар тазартылып, абаттандырылады. Осылайша road-эстафета табиғатты қорғау, мәдени мұраны сақтау және экологиялық патриотизмді қалыптастыру міндеттерін тоғыстырады.
Қоршаған ортаны қорғауда тек мемлекет күшінің жеткіліксіз екені айқын, бұл – әрбір азаматтың міндеті. Сондықтан "AMANAT" партиясы road-эстафета арқылы әр қазақстандықтың табиғат пен тарихи мұраны қорғауға үлес қоса алатынын, ал бірлесіп әрекет етсек, экологиялық апаттың алдын алып, елді болашақ ұрпақ үшін жасыл әрі қауіпсіз етіп сақтай алатынымызды көрсетеді, - дейді "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек.