Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +23°
$
541.18
+0.34
636.05
+1.59
¥
75.99
+0.04
6.52
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанның қылмыстық кодексіне жаңа бап енгізілді

Енді дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Новости Казахстана / Қазақстанның қылмыстық кодексіне жаңа бап енгізілді
Фото:
pexels

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ІІМ ақпаратына сүйеніп.

Банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру әрекеттері дропперлік болып саналады. 

Бұл әрекет интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады.

Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай 232-1-бап айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, - деп хабарлады ҚР ІІМ. - Аталған норма кибералаяқтыққа қарсы жүйелі күресті, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуды және цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуды көздейді.

Следующая →