Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +29°
$
537.91
-2.14
628.87
-0.29
¥
75.36
-0.28
6.6
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік оқушы Еуропалық олимпиададан жүлде еншіледі

Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті

Новости Казахстана / Өскемендік оқушы Еуропалық олимпиададан жүлде еншіледі
Фото:
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Барлығы 52 медаль сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды.

Біздің оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды:

  • Күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы.

Команданы тәжірибелі тәлімгерлер дайындады: Әлімжан Аманов, PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры; Батыр Сардарбеков, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау чемпионы.

EJOI-2025 қорытындылары қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін және отандық бағдарламалау мектебінің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Следующая →