Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +25°
$
540.18
+0.63
628.93
+1.38
¥
75.59
+0.07
6.68
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл алғаш рет 797 тонна шошқа еті сыртқа шығарылды

Мал шаруашылығы АӨК-тің жалпы өнімінің шамамен 40%-ын құрайды

Новости Казахстана / Биыл алғаш рет 797 тонна шошқа еті сыртқа шығарылды
Фото:
pixabay

2025 жылдың қаңтар–шілде айларында өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, 2 трлн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ет өндірісі 2%-ға артты (608,8 мың тонна), сүт өндіру көлемі 6,5%-ға ұлғайды (2,25 млн тонна).

Мал мен құс саны да тұрақты көбейіп келеді:

  • ірі қара – 8,7 млн бас (+0,3%),
  • жылқы – 4,6 млн (+6,7%),
  • түйе – 300 мың (+3,9%),
  • құс – 48 млн (+6,6%).

Осы ретте қой басы 3,7%-ға кемігені байқалады (21,1 млн бас).

2025 жылдың алғашқы бес айында сиыр еті экспорты 2,5 есеге (12,3 мың тонна), қой еті 2,6 есеге (9,2 мың тонна) көбейді. Алғаш рет 797 тонна шошқа еті сыртқа шығарылды. Бұл нәтижелер отандық өнімнің бәсекеге қабілетті екенін және халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Сүт өндіру саласына айрықша көңіл бөлініп отыр. 2023–2025 жылдары жылына 300 мың тоннадан астам өнім беретін 48 сүт тауарлы фермасы салынды. Жаңа фермалардағы орташа жылдық сауым 8,2 мың литрге жетсе, алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 11 мың литрге дейін барады. Бұл деңгей Еуропаның жетекші елдеріне сай келеді. 2024 жылы 688 мың тонна сүт өндірілді (2022 ж. +32%). 2025 жылы тағы 32 кешен іске қосылып, қосымша 152 мың тонна өнім алу жоспарланған.

Етті ірі қара мал шаруашылығында несие таза 5%-бен беріледі. Қаржыландыру көлемі 50 млрд теңге. Ал биыл өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын жеңілдетілген несиелеу бағытына 44 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар фермерлердің кепілге қолжетімділігі мәселесін шешу үшін несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, – деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

2025 жылғы 1 тамыздан бастап бордақылау алаңдарын жылдық мөлшерлемесі 5% жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарламаға 50 млрд теңге бөлінді. Бұл бағдарлама өндірістік қуаттарды 60%-дан астам деңгейде пайдалануға және шығарылатын өнімнің кемінде жартысын ішкі нарыққа өткізуге жағдай жасайды.

Бұдан бөлек, асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ мал сатып алуға арналған жылдық мөлшерлемесі 6%-дық "Игілік" жаңа несиелік бағдарламасы іске қосылды. Оның жүзеге асырылуы асыл тұқымды мал үлесін 14%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Аустралиялық үлгі бойынша ет кластерлері дамып келеді. 2024 жылы 9 млрд теңгеге төрт жоба қаржыландырылса, 2025 жылға жалпы құны 21,7 млрд теңгені құрайтын он басым жоба айқындалды. Түркістан облысында түйіршіктелген жем өндіретін зауыт пен 15 мың басқа арналған бордақылау алаңы іске қосылды. Бұл жобалар "жемшөптен қайта өңдеуге дейінгі" толық тізбекті қалыптастырудың негізін қалайды.

Соңғы бес жылда құс еті бойынша импортқа тәуелділік 42%-дан 20%-ға дейін төмендеді. 2024 жылы Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жылына 15,9 мың тонна ет өндіруге қуатты алты құс фабрикасы іске қосылды. Негізгі міндет – бұл бағытта елді толықтай өз өнімімізбен қамтамасыз ету.

Осылайша, Қазақстандағы мал шаруашылығы тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр: ішкі өндіріс көлемі артып, экспорттық әлеуеті нығайып келеді, жаңа қолдау тетіктері енгізілуде және әлемдік деңгейдегі кластерлер құрылуда. Бұл саланы бүкіл агроөнеркәсіп кешенінің басты өсім нүктелерінің біріне айналдырады.

Следующая →