Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +25°
$
540.18
+0.63
628.93
+1.38
¥
75.59
+0.07
6.68
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті

Негізінен мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі артқан

Новости Казахстана / Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті
Фото:
Устинка LIVE

Жалпы агроөнеркәсіп кешені тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Primeminister.kz сайтындағы шолуға сүйеніп.

Бұл мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін және Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда Үкіметтің жүйелі жұмысын айғақтайды.

2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жетті. Өсім мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Қайта өңдеу саласы озық даму қарқынын көрсетіп отыр:

  • азық-түлік өнімдерінің өндірісі 9,2%-ға (2,13 трлн теңгені)
  • сусындар өндірісі 6,8%-ға (692,4 млрд теңге)
  • өсімдік майының өндірісі (+24%)
  • сары май (+10,4%)
  • шұжық өнімдері (+9%)
  • ұн өндірісі (+6,6%)

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 442,7 млрд теңгеге (+26,5%) жетті, азық-түлік өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 104,2 млрд теңгені (+48%) құрады. Бұл ресурстар саланы жаңғыртуға және заманауи технология енгізуге бағытталды.  

Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында тікелей субсидиялаудан қолжетімді несиелеуге көшудің және коммерциялық банктердің қаражатын тартудың маңызын атап өтті. Осының нәтижесінде 2024 жылдан бастап жылдық ставкасы 5%-дан аспайтын жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл бюджет пен жеке қаражат көздерінің ресурстарын біріктіру арқылы мүмкін болды, - деп атап өтті ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Следующая →