Өскемен
ясно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +26°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +28°
$
540.05
-0.13
629.16
+0.23
¥
75.64
+0.05
6.65
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа әкімшілік жаза түрі енгізіледі

Енді ұсақ бұзақылық, отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық жасағандар, қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандар, жедел қызметтерді өтірік шақыртқандар, жол ережесін бұзғандар қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін

Новости Казахстана / 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа әкімшілік жаза түрі енгізіледі
Фото:
Устинка LIVE

Бұл құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге, тәртіптілікті арттыруға, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен экологияға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін мәжбүрлі еңбекті қолдану жөніндегі конституциялық норманы іске асыру аясында 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа жауапкершілік шарасы – қоғамдық жұмыстар енгізіледі.

Енді бұл жаза Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 9 бабына сәйкес қолданылуы мүмкін, олардың ішінде:

  • Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер (73-бап);
  • Ұсақ бұзақылық (434-бап);
  • Қоғамдық орындарды ластау (434-2-бап);
  • Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру (438-бап, 2-бөлік);
  • Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу (440-бап, 3-бөлік);
  • Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау (443-бап, 2-бөлік);
  • Қоғамдық орындарда тиісу (449-бап, 2-бөлік);
  • Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу (598-бап, 2-бөлік);
  • Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (615-бап, 4-бөлік).

Жазаның орындалуын жергілікті атқарушы органдар бақылайтын болады. Ал тағайындалған жұмыстардан жалтару ӘҚБтК-ның 669-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Следующая →