Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +30°
$
538.03
+0.07
629.23
-1.04
¥
75.03
+0.05
6.74
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент Ақордада оқушыларды қабылдады

Халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Президент қолынан марапат алды

Новости Казахстана / Президент Ақордада оқушыларды қабылдады
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен 24 лауреат (4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль) шақырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығу, әлемдік жарыста жеңіске жету оңай емес. Білімге деген ұмтылыстың, нағыз еңбекқорлық пен табанды іс-әрекеттің арқасында осындай биікке шығып жатсыздар. Расында, дарынға ие болу, бұл – бақыт. Бірақ жай ғана еңбексіз дарын жетістіктің кепілі бола алмайды. Дарынның көзін ашу керек және оны толығымен пайдалана білу қажет. Әр жеңіс, әр медаль тынымсыз ізденіспен, маңдай термен, үздіксіз дайындықпен келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент шәкірт қабілетін ұштаған ұлағатты ұстаздар мемлекеттік марапатқа лайық екенін жеткізіп, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтты. Қазақстанның болашағы – жасампаз жастардың қолында екеніне назар аударып, ұл-қыздарымыз әрдайым үздіктер қатарынан табылатынын атап өтті.

Жастарымыз жаһандық спорт және өнер додаларында жеңімпаз атанып, туымызды көкте желбіретіп жүр. Білім саласындағы беделіміз де артып келе жатыр. Былтырдан бері оқушыларымыз 30-дан астам халықаралық олимпиада мен ғылыми жарысқа қатысып, мыңға жуық медаль алды. Оның 200-ге жуығы – алтын, 300-ден астамы – күміс, ал 500-ге жуығы – қола медаль. Бұл тамаша көрсеткіш Қазақстандағы білім сапасының деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Тағы да қайталап айтамын, біз әлемдік жарыста ел намысын қорғаған әр жеңімпазды мақтан тұтамыз. Сіздерді еліміздің бетке ұстар, лайықты азаматтары деп санаймын. Болашақта да Қазақстанның одан әрі дамуына қомақты үлес қосатындарыңызға кәміл сенемін, – деді Президент.

Следующая →