ШҚО әкімі хәкім Абайдың торқалы тойына қатысты
Нұрымбет Сақтағанов ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай өңіріне барып, мерекелік шараға қатысты

Ұлы ойшылдың кіндік қаны тамған қасиетті мекен мерейтой қуанышына бөленіп, игі дәстүр жалғасын тапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Абай облысы Қарауыл кентіндегі оның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Абай облысының әкімі Берік Уәли, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары қатысты.
Мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін қолға алынды. Оның ой-толғамдары – халқымызға рухани азық, парасат биігіне жетелейтін жол, - деді Нұрымбет Сақтағанов. - Абай сөздерінің өзектілігі қанша уақыт өтсе де өміршеңдігі мен құндылығын жоғалтпады. Оның әділдік, адамгершілік және ағартушылық туралы ойлары - бұл халықты біріктіретін және рухани жаңғыруға жетелейтін темірқазық.
Абай облысы ұйымдастырған Қарауылдағы ауқымды театрландырылған қойылымнан кейін ШҚО әкімі басқа қатысушылармен бірге "Абай – Шәкәрім" мемориалдық кешеніне, Жидебай шатқалындағы Абай үй-мұражайына барды.