Өскемен
ясно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +29°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +34°
$
532.74
+6.24
617.23
+5.59
¥
74.2
+0.86
6.77
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Белгілі ақын, жазушы Исраил Сапарбай бақиға аттанды

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург, сазгер 85 жасына қараған шағында  дүниеден өтті

Новости Казахстана / Белгілі ақын, жазушы Исраил Сапарбай бақиға аттанды
Фото:
Қ. Бегмановтың парақшасынан

Бұл туралы ақын, журналист, этнограф Қасымхан Бегіманов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Таңғы сағат төрт шамасында 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Иә, сағат тілі қасиетті жұмаға қарай ауғанда ақынның соңғы демі үзілді. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады, - деп жазды Қасымхан Бегіманов.

Исраил Сапарбай 1941 жылы 15 мамырда Өзбек КСР-ның Самарқанд облысы Кушрабад ауданында туған.

Шымкент педагогика институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген соң, бірнеше жыл Шымкент облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жұмыс істеген. 1973–1975 жж. Алматы Жоғары партия мектебін бітірді. 1976–1983 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарып, 1983 жылы "Жалын" баспасына аға редакторлыққа ауысқан.

1984-1985 жж. "Қазақ әдебиеті" газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1985–1992 жж. "Жазушы" баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, одан соң "Қазақфильм" телестудиясы бас редакторының орынбасары, 1997–1998 жж. Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері бойынша департаментінің І хатшысы, 1998–1999 жж. Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінде ІІ хатшы қызметтерін атқарды.

Следующая →