Елде соңғы жарты жылда жүк тасымалы көлемі артқан
Осыған байланысты 2025 жылдың алғашқы алты айында еліміздің көлік саласы 22,7%-ға өсті

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Саланың өсу динамикасына жүк тасымалының жалпы көлемінің артуы әсер етті. Бұл көрсеткіш 550,7 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,9 %-ға жоғарлады. Оның ішінде автомобиль көлігімен жүк тасымалы 1,8 %-ға, теміржол көлігімен жүк тасымалы 12,4 %-ға және құбыр арқылы тасымалдар 18,2 %-ға артты. Жолаушылар тасымалы 10,5%-ға өсіп, 928 млн жолаушыны құрады, - деді министр.
Жүк тасымалы көлемінің өсуі экономиканың базалық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етілді, атап айтқанда тау-кен металлургиясы, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларының есебінен өсті.