Өскемен
малооблачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
518.34
-0.63
607.91
+0.61
¥
72.24
-0.04
6.66
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау басталды

Әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша 7 млн теңгеден сыйақы беріледі

Новости Казахстана / Үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау басталды
Фото:
gov.kz

Соңғы 8 жылда елімізде 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым сыйақыға ие болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды. ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсетуге бағытталған. Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды, - деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Соңғы 8 жыл ішінде 486 ҮЕҰ қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге қосқан үлесін көрсетіп, сыйлықақыға ие болды. Солардың ішінде жыл сайын шамамен 10 ауылдық ҮЕҰ аудандар мен ауылдарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырып жүрген үкіметтік емес ұйымдардан конкурсқа өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Өтінім қабылдау 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18.30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.

Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ мына https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=kk сілтеме бойынша, сондай-ақ келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17.

Следующая →
Тақырыптар: ҮЕҰ Сыйақы Байқау