Өскемен
малооблачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
518.34
-0.63
607.91
+0.61
¥
72.24
-0.04
6.66
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі "әнші бақасы" бар жаңа сквердегі әткеншекті бұзып кеткен

Шәкәрім даңғылы бойындағы жаңа сквердегі бұзылып жатқан әткеншектер жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша жөндеуге жөнелтілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі "әнші бақасы" бар жаңа сквердегі әткеншекті бұзып кеткен
Фото:
Устинка LIVE

Алайда әткеншек әлі күнге дейін орнына қойылған жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Машзавод ауданында былтыр ашылған бұл жайлы демалыс орнын бұзақылар бүлдірген. Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Абзал Мәулетхановтың айтуынша, әткеншектің бұзылуы өнім сапасына емес, адам факторына байланысты болғандықтан, бұл жағдай мердігердің кепілдік міндеттемесіне жатпайды.

Қандай да бір жаңа алаң пайда болса, бір жылдың ішінде-ақ оның көптеген элементтері жарамсыз күйге түсіп жатады. Адамдар неге бұлай жасайтынын түсіну қиын. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жасалған дүниені сындырып, өте немқұрайлы қарайтындар бар. Бұл әткеншек те сондай мысалдардың бірі. Қазір оны шешіп алып, орнына берік шынжыр орнатуды жоспарлап отырмыз. Апта ішінде қайта орнатамыз деп ойлаймын, — деді әкімнің орынбасары.

Бұған ұқсас жағдай "Электротоварлар" ауданына қарасты скверде де орын алған.

Жақында сол жерден өтіп, перголаның (архитектуралық конструкция) жай-күйіне назар аудардым. Нысан өздігінен бүлінуі мүмкін емес. Әлбетте, оны біреулер сындырған. Алайда осы скверді қалпына келтіруге де сметалық құжаттама бар, - деді Абзал Мәулетханов.

Соңғы 10 жыл ішінде Өскеменде көптеген қоғамдық кеңістіктер ашылғанымен, бүгінде олардың көбіне ағымдағы жөндеу жұмыстары қажет. Қаладағы жөндеуді қажет ететін осындай қоғамдық орындардың тізімі жасалған. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілмек. Бюджет шектеулі болғандықтан барлығын бірден қалыпқа келтіру мүмкін емес.

Следующая →