Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +30°
$
519.64
-0.75
609.23
-0.35
¥
72.53
-0.04
6.62
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық әнші "Ла Скала" театры академиясынан тағылымдамадан өтеді

Алдын ала іріктеуге 400-ден астам үміткер қатысқан

Новости Казахстана / Қазақстандық әнші "Ла Скала" театры академиясынан тағылымдамадан өтеді
Фото:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Үздік деп таңдалған 12 орындаушы қатарында отандасымыз, опера әншісі Әйгерім Алтынбек те бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

imgonline-com-ua-Resize-V5neBhAmTeRTZW.jpg

"Ла Скала" театры академиясы әлемдегі ең беделді опера өнері оқу орындарының бірі.

Опера әншісі Әйгерім Алтынбек – көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты. Ол танымал композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық опера әншілері байқауында жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында 3-орынды иеленді. Қазақстандық әнші атақты италиялық опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығын алды. Әлемнің 470 қатысушысы қатысқан Рената Тебальди атындағы халықаралық вокал конкурсында өнерпаз 2-орынға ие болды

25 маусымда әлемге әйгілі Хосе Каррерастың концерті өтеді. Осы кеште Әйгерім Алтынбек те бой көрсетеді. Концертте әлемдік опера ариялар шырқалып, танымал дуэттер өнер көрсетеді. 27–28 маусымында Италияның Неаполь қаласында Андреа Бочеллидің мерейтойлық концертіне қатысып, аты аңызға айналған тенормен бір сахнада ән шырқайды, - деп мәлімдеді министрлік.


Следующая →