Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +29°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +30°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +33°
$
518.37
-0.92
609.97
-3.31
¥
72.31
-0.20
6.6
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери қызметшілерді бейнежетондармен жарақтандырмақ

Бұл оқу-жаттығу, қарауыл және жауынгерлік кезекшілік кезінде бақылау жүргізу үшін қажет

Новости Казахстана / Әскери қызметшілерді бейнежетондармен жарақтандырмақ
Фото:
ҚР Бас прокуратура

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айтуынша, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау – барлық деңгейдегі қолбасшылық жұмысының басым бағыты болуы тиіс. Әскери қызмет қауіпсіздік, абырой, тәртіп пен әділет қағидаттарына негізделуі қажет.

Берік Ноғайұлы осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Бас әскери прокуратураға Қарулы Күштермен, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдармен бірлесіп "Әскердегі заң және тәртіп", "Цифрлық профилактика" сынды екі жаңа жобаны енгізуді тапсырды.

Мақсат – әрбір әскери қызметші қорғалған, ал командир сенім мен қолдауға ие болатын жүйені қалыптастыру.

Ең алдымен әскери бөлімдерде заманауи IT-жүйелермен бейнебақылау орнатылады. Жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы жағдайды автоматты түрде талдап, жеке құрамның қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделуде, - деді бас прокурор. - Командирлерді (далалық жаттығуларда, атыс кезінде, оқу-жаттығуларда) және қарауылдағы және жауынгерлік кезекшіліктегі мерзімді қызметтегі сарбаздарды бейнежетондармен жарақтандыру жоспарлануда. Бұл қызметті өткеру барысында нақты әрі үздіксіз бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде http://armia.kz сайтында цифрлық кеңесші іске қосылды. Сонымен қатар, жаңа байланыс арналары енгізілуде - әрбір сарбаз қайда жүгіну керектігін біліп, оған назар аударғанына сенімді болуы тиіс.

Сондай-ақ, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында әскери шақыру және медициналық комиссия отырыстарын аудио-бейне тіркеу, хаттамаларды цифрландыру және оларды шақырылушылардың өздеріне қашықтан қолжетімді ету мәселелері пысықталуда. Бұл — медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтарды мерзімді қызметке шақырудың алдын алады. Бұл және өзге де шаралар — әскери қызмет атқару кезінде сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиімді тетіктер бола алады, - дейді Берік Асылов.


Следующая →