Өскеменде 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді
Бұл ұсынысты қала әкімі Алмат Акышов көтерді

Қазіргі таңда тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу кезеңінен өтуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласында жаңа әлеуметтік бастама жүзеге асырылмақ — 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі қарастырылуда.. Бұл шара бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға және оқушылар мен студенттер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Қалалық инфрақұрылым барлық санаттағы азаматтар үшін қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақты қолдау - жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі, — деді Алмат Акышов.
Тегін жүру мүмкіндігі баланың жасын растайтын құжатты көрсету арқылы қолжетімді болады деп жоспарлануда. Механизмнің нақты тәртібі кейінірек хабарланады.