Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +25°
$
510.81
578.59
¥
71.01
6.51
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл шегіртке 2,1 млн гектар алқапты басып алуы мүмкін

Қазіргі уақытта 14 өңірде 596,3 мың гектар алқапта өңдеу жұмыстары жүргізілді

Новости Казахстана / Биыл шегіртке 2,1 млн гектар алқапты басып алуы мүмкін
Фото:
t.me/Agropresskz

ҚР АШМ шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Интернет кеңістігінде және бұқаралық ақпарат құралдарында шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуы туралы шындыққа сәйкес келмейтін хабарламалар мен бейнематериалдар тарап жатыр. Мұндай ақпараттар шынайы жағдайға және зиянкестердің даму сатысына сәйкес келмейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз, - деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Министрлік шегірткемен күрес жұмыстары жоспарға сәйкес, штаттық режимде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Оларды Ауыл шаруашылығы вице-министрлері, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдері, сондай-ақ өңірлерде құрылған жедел штабтар бақылауда ұстап отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ахуалды жеке бақылауына алған. Күрес шараларына 443 арнайы бүрку техникасы жұмылдырылып, зерттеу жұмыстарына 4 625 маман тартылған. Қажетті техника мен препараттар жеткілікті, - делінген министрлік ақпаратында.

Следующая →