ШҚО-да ертең күн күрт суытып, қар жаууы мүмкін
Синоптиктер 15 сәуірде облыста ауа райы құбылмалы болатынын ескертеді

Жаңбыр, тіпті кей жерлерде қар жауып, үсік жүреді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша 15 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, қар күтіледі.
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында күн тұманды болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың шығысында 3 градус үсікке дейін, күндіз 12-17, облыстың шығысында 7 градус жылыға дейін төмендейді, - деп хабарлады "Қазгидромет" ШҚОФ.