Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +30°
$
537.96
-4.33
630.27
+0.73
¥
74.98
-0.46
6.73
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жазда 10 мыңнан астам бала лагерьге тегін барады

Биыл еліміз бойынша 3,1 миллионнан астам бала сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалармен қамтылады

Новости Казахстана / Жазда 10 мыңнан астам бала лагерьге тегін барады
Фото:
Устинка LIVE

Оның ішінде 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Ал "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 10 мың бала жазғы демалысын тегін өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Жазғы демалыс бағдарламасы әртүрлі бағыттарды қамтиды: еңбек және шығармашылық белсенділік, туристік және танымдық маршруттар, зияткерлік әрі білім беру іс-шаралары, сондай-ақ халықаралық жобалар мен форумдарға қатысу, - делінген министрлік ақпаратында. - Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Санитарлық талаптардың сақталуы, тағам қауіпсіздігі, сондай-ақ су айдындарында, ормандар мен спорт нысандарында сақтық шаралары қатаң бақылауда болады.

Өңірлерде "Киелі шығыс", "Ұлы Дала кереметі", "Jas galym", "Гастро туризм", "Қонақжай отбасы" сынды бірегей жобалар іске асырылады.

Биыл жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь, оның ішінде бірқатарында тамақтандыру қарастырылған, сондай-ақ 512 шатырлы және киіз үй лагерлері кезең-кезеңімен ашылады деп жоспарлануда.

Следующая →