Биыл Жеңістің 80 жылдығына әскери шеру өтеді
Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру ұйымдастырылады

Оған 4 мыңнан астам адам қатыспақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Дайындық жұмыстары басталып кетті. Далалық лагерьде сарбаздар әр қимылын, әр қадамын шыңдауда. Жаттығулар таң атысымен басталады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 200-ге жуық әйел әскери қызметші қатысады. Әскери парадқа дайындық темірдей тәртіпті және жоғары жауапкершілікті талап етеді, - деп мәлімдеді министрлік.