Өскемен
Қалың бұлтты
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Семей
    -11°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -4°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Ақтау
    +4°
  • Атырау
    -2°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Түркістан
    +5°
  • Орал
    -9°
  • Шымкент
    +9°
$
501.02
-2.15
597.27
-3.62
¥
72.08
-0.37
6.59
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елдегі мыңнан астам мектепте оқушыларға дрондарды басқару үйретіледі

Бүгінде еліміздегі 1100 мектепте STEM-зертханалар базасында дрондарды басқару үйірмелері ашылды

Новости Казахстана / Елдегі мыңнан астам мектепте оқушыларға дрондарды басқару үйретіледі
Фото:
pexels

Бұл үйірмелерде оқушылар дрондарды құрастыру мен бағдарламалау дағдыларын меңгеріп, техникалық ойлау қабілетін, инженерлік машықтарын және практикалық дағдыларын дамытады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Квадрокоптерлермен (дрондармен) жұмыс істеуге баулу – мектептердің қазіргі заманғы оқу үдерісіне белсенді енгізіліп жатқан робототехника аясындағы бағыттардың бірі.

Мұндай үйірмелерге қатысатын оқушылар робототехника бойынша түрлі жарыстарға белсене қатысуда. Жуырда ұлттық Aspan Drone Competition турнирінің жеңімпаздары Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғайтын болады.

Сонымен қатар, еліміз бойынша 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарда балалардың инженерлік және өнертапқыштық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ал биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие жаңа мамандық – дрон операторы бойынша мамандарды даярлау ісі басталады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: 1100 мектеп Дрон үйрету STEM-зертханалар