Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +30°
$
537.96
-4.33
630.27
+0.73
¥
74.98
-0.46
6.73
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда алаяқтықпен айналысып жүрген үш шетел азаматы ұсталды

Олардан 5 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді

Новости Казахстана / Қазақстанда алаяқтықпен айналысып жүрген үш шетел азаматы ұсталды
Фото:
pexels

Күдіктілердің интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен үш шетелдік азаматты ұстап, жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM-бокс анықтап, тәркіледі.

Бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады. Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан астам SIM-картасы тәркіленді, - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Шетелдік азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша – "ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату" қылмыстық іс тіркелді.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Следующая →