Өскемен
малооблачно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +24°
$
512.16
+1.12
580.94
-0.78
¥
71.18
+0.07
6.39
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шемонаиха ауданында жайлы мектеп ашылды

Шәкәрім атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп 300 балаға шақталған

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / Шемонаиха ауданында жайлы мектеп ашылды
Фото:
видеодан алынды

Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтерген мектепте Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қолдауымен STEM-кабинет; "Bіlіm aqparat" кәсіптік бағдар беру орталығы; С. Аманжолов атындағы ШҚУ қолдауымен "Dana bala" инклюзия кабинеті жабдықталған.

Көкше төрінде өткен Ұлттық құрыл­тай­дың IV отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуына мүмкіндік болу керектігін ерекше атап өтті.

Осы ретте Қазақстандағы ЖОО арасында тұңғыш ашылған "Dana bala" инклюзивті және үздіксіз білім беру орталығының арнайы кабинеті бірінші болып осы Шемонаиха ауданында ашылды. Өзіміздің ғалымдар құрастырған фонетикалық қабылдау, көру және вербалды есте сақтау, сөздік-логикалық ойлау, дұрыс дыбыстау мен екпін қою мәселелерін шешуге көмектесетін көпфункционалды логопед үстелі табысталды. Кабинет ерекше балаларға арналған жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жақын арада университетіміз шығарған бұлшықет қызметін дамытуға арналған балансир және түрлі дидактикалық ойындар да бар, - деп атап өтті С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Ал "Білім ақпарат" кәсіби бағдар беру орталығы бұған дейін Ақжар ауылында, Зайсан және Күршім аудандарында ашылған болатын. Орталықтың басты мақсаты – мектеп оқушыларына жоғары оқу орнына түсуге кәсіби бағыт-бағдар көрсету.

Следующая →