Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +18°
$
523.2
+1.53
594.3
+1.84
¥
71.67
+0.25
6.38
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зергерлік бұйым сататын компания қаржы пирамидасы болып шыққан

Шымкентте қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам салымшы тартылған

Новости Казахстана / Зергерлік бұйым сататын компания қаржы пирамидасы болып шыққан
Фото:
pixabay

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Nazira Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген, - деп хабарлады ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті. - Алайда шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.

Күдіктілер қылмыстық табысқа екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты іске қосулы.

Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгіну қажет.

Следующая →