Кеше ер адамды пойыз қағып кетті
Ақсеңгір – Шамалған аралығында ер адам абайсызда пойыз астына түсті

Машинист дабыл қағып, тежегішті шұғыл басқанымен оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 наурызда сағат 17.24-те Ақсеңгір – Шамалған темір жол аралығында (Алматы – Отар учаскесі) жүк пойызының машинисі жолда адамның кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуішті басты. Локомотив пен өткел бойынша кезекші сигнал берді. Оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмады, - деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ.
Орын алған оқиға туралы Алматы-1 станциясының желілік полиция басқармасына хабарланды.
Оқиғаның алдын ала себебі - жәбірленушінің абайсыздығы және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы.
ҚТЖ азаматтарға темір жолдан тек арнайы жабдықталған өткелдерден өтіп, темір жол маңында қырағылық пен ұқыптылық танытуға шақырады.