Өскемен
облачно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +25°
$
516.01
582.47
¥
71.3
6.26
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мүгедек баласы бар әскери қызметшіге үй немесе төлем берілуі керек

Ұлттық ұланның мүгедек бала тәрбиелеп отырған 400-ден астам әскери қызметшісі тиісті төлемдерді алмаған

Новости Казахстана / Мүгедек баласы бар әскери қызметшіге үй немесе төлем берілуі керек
Фото:
pexels

Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің мүгедектігі бар балаларының тұрғын үй құқықтарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңның 14-бабына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 75, 101-2-баптарына сәйкес мүгедек балалары бар әскери қызметшілер қосымша тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдерін алу құқығына ие.

Алайда аталған әскери ведомствоның мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 400-ден астам әскери қызметшілері тиісті төлемдерді алмаған, - деп мәлімдеді Бас Прокуратура. - Бас әскери прокуратура Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығымен бірлесіп, прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша қалыптасқан жағдайдың себептері жойылды. Жеке кұраммен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әскери қызметшілердің отбасы кұрамында мүгедектігі бар балалардың болуы міндетті түрде көрсете отырып, баянаттар беру тәртібі өзгертілді.

Қазіргі уақытта тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу жұмыстары жүріп жатыр.

Осындай жұмыс басқа әскери ведомстволарда да атқарылуда.

Следующая →