Өскемендіктер әз Наурызды қалай тойлайды?
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында қала бойынша халықтың салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихын насихаттауға бағытталған 300-ден астам шара өтеді

Қала тұрғындары мен қонақтары концерттерге, көрмелерге, спорттық сайыстар мен халықтық серуендерге қатыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Республика алаңында өтетін іс-шаралар:
14 наурыз – "Көрісу күні – Амал мерекесі":
- сағ. 12.00-де бас киіз үйде "Көрісу" рәсіміне арналған шара және мерекелік концерт.
15 наурыз – Қайырымдылық күні:
- сағат 08.00-де Жібек Жолы көшесі, 44 - ауылшаруашылық жәрмеңкесі.
- сағ. 12.00-де бас киіз үйде "Әндер" вокалды-аспаптық тобының қайырымдылық концерті.
- 15 наурыздан бастап "Қоржын" қайырымдылық акциясы өтеді.
16 наурыз – Шаңырақ күні:
- сағ. 12.00-де Бабкина мельница ауданында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара.
- сағ. 12.00-де бас киіз үйде "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы фильмдерінің тегін көрсетілімі.
16-23 наурыз аралығында қаланың шағын аудандарында (Өскемен аллеясы, КШТ, Согра, Шығыс, Меновное, Аблакетка, Аэропорт, Защита, ДКМ, қала саябақтары және т.б.) мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні:
- сағ. 12.00-де бас киіз үйде "МЫҢ БІР МАҚАЛ" атты зияткерлік викторина өтеді.
18 наурыз – Ұлттық киім күні:
-
сағат 12.00-де басты киіз үйде жергілікті дизайнерлердің ұлттық киімдерінің көрсетілімі және көрме форматындағы жаңа коллекциялардың тұсаукесері.
- Осы күннен бастап "Ұлттық киім күні" челленджі басталады.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні:
-
сағат 11.00-де бас киіз үйде асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, қазақша күрес сияқты спорттық іс-шаралар өтеді.
-
сағат 19.00-де Цветочная көшесі, 17 - "Nauryz Quiz" интеллектуалды ойыны.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні:
- сағ. 11.00-ден 14.00-ге дейін қала мен облыс әртістері және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама, "бауырсақ пати" байқауы, караоке, спорттық ойындар, садақ ату, тақырыптық алаңдар, цирк өнері, "Үздік киіз үй" байқауы, мерекелік сауда, сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі.
- сағ. 18.00-21.00 аралығында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі бағдарлама.
- сағ. 21.00-де мерекелік отшашу.