Қазақстан гүлді қай елдерден импорттайды?
Былтырғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстан жалпы сомасы 93,5 млн АҚШ долларына 12,3 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады

Салыстырып өтсек, 2023 жылы гүл импорты ақшалай мәнде 61,2 млн долларды құраған (8,2 мың тонна), деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйеніп.
Былтыр гүлдер әлемнің 53 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген. 2024 жылы гүлдердің ең ірі жеткізушілері: Эквадор - 6,4 мың тонна, Нидерланд - 2,3 мың тонна, Қытай - 1,1 мың тонна, Колумбия - 978 тонна және Кения - 975 тонна болды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, аталған кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне гүл шоқтарын жасауға арналған 1,5 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.