Наурыздағы мерекелерде Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді?
Халықаралық әйелдер күніне орай 8 және 9 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ ШҚОФ баспасөз қызметі
Дүйсенбі күні тек кезекші орталықтар жұмыс істейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
10 наурызда азаматтарды тек кезекші орталықтарда сағат 09.00-13.00 аралығында қабылдайды, - "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ ШҚОФ баспасөз қызметі. - Дәл осы жұмыс кестесі 25 наурызда да сақталады. Ал 21, 22, 23 және 24 наурызда Наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері болып табылады.