Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +21°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды

Қазақстанда ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды

Новости Казахстана / Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды
Фото:
ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіне

ҚР Үкіметі баспасөз қызметі хабарлауынша, мемлекеттік сатып алу жеңілпаздары енді жергілікті компаниялар болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Байқау тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Осылайша, конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады, - деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Рейтингтік-балдық жүйені қолдану арқылы өткізілетін байқау арқылы сатып алу жеңімпаздары жиналған ұпайлар негізінде 5 жұмыс күні ішінде (бұрын мерзімі 29 жұмыс күнін құраған) белгілі болады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мерзімі 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылған.

Сондай-ақ жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1%-дан 2%-ға дейін ұлғайтылды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы 2024 жылы 1 шілдеде "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заңға қол қойды. Заң шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімін барынша қысқартуды қамтитын жаңа ережелер қабылданды.

Следующая →