Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +21°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Солтүстік Арал теңізі қалпына келуде

Өткен жылдың қазан айынан ағымдағы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілген

Новости Казахстана / Солтүстік Арал теңізі қалпына келуде
Фото:
ҚР Су ресурстары және интеграция министрлігінен

Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазір солтүстік Арал теңізіндегі судың жалпы көлемі - 22,1 млрд текше метр. 2022 жылдың басында 18,9 млрд текше метр болды. 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текшее метрге дейін жетеді деп күтілуде. Солтүстік Арал теңізінің ауданы да ұлғаюда. Бүгінгі таңда ол 3065 шаршы шақырымға жетті. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 111 шаршы шақырымға көп, - деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және интеграция министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, теңіз ауданы мен көлемінің ұлғаюы судың минералдануың азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жеткен.

Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану шамамен 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Аралға жіберуге мүмкіндік берді. 55 мың гектар күріш алқабы лазерлік жоспарлаушының көмегімен тегістелді, бұл орташа өнімділікті гектарынан 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін арттыруға септігін тигізді. Арал теңізі бассейніндегі аймақты оңалту мақсатында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағында 4,4 млн көшет отырғызылды. 2021-2024 жылдар аралығында 475 мың гектар жерге тұқым мен көшет отырғызылса, биыл 428 мың гектарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуі тиіс, - дейді ҚР Су ресурстары және интеграция министрлігі.


Следующая →