Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, демалыс күндері республика бойынша тұман да күтіледі

Елдің батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.
Еліміздің қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен және елдің оңтүстігінде циклон ойпатының әсерімен қар мен жаңбыр, көктайғақ күтіледі. Елдің шығысында қарлы боран, екпінді жел соғады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК мамандары.
Сондай-ақ, еліміздің батысында түнде ауа температурасы -5-13°С, солтүстік-батыста -13-21°С, солтүстікте түнгі ауа температурасы -7-15°С, шығыста және орталықта -12-20°С дейін, оңтүстікте-1-ге дейін төмендейді деп күтілуде.