Ертең "Нұртауда" шаңғышылар жарысы өтеді

Оған кәсіпқойлар да, әуесқойлар да қатыса алады

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / Ертең "Нұртауда" шаңғышылар жарысы өтеді
Фото:
pixabay.com

Жеңімпаз спортшылар ақшалай марапатталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Глубокое ауданының Бобровка ауылы маңыдағы "Нұртау" тау-шаңғы курортында қысқы спорт түрлері бойынша ашық біріншілігі өтеді. Спортшылар мен энтузиастар Глубокое ауданы әкімінің жүлдесі үшін тау шаңғысы (слалом) және шаңғы жарыстарына қатыса алады.

"Нұртау" - жыл сайын өңірдің түкпір-түкпірінен спортшылар жиналатын бірегей орын.

Жарыс Глубокое ауданы әкімдігінің, NT Travel" ЖШС және ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі. Мақсат - қысқы спорт түрлерін және белсенді демалысты насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберлігін, өңір тұрғындарын шаңғымен айналысуға тарту, Глубокое ауданы мен "Нұртау" курортының туристік әлеуетін арттыру мақсатында өтеді.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 200 000 теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттар мен медальдармен марапатталмақ.

Жарыс сағат 10.00-де басталады. Қосымша сұрақтар бойынша +7 777 063 9434 нөміріне хабарласуға болады.

Следующая →