Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +25°
$
510.84
579.7
¥
71.11
6.39
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 100-ден астам адам аңшылық пен балық аулау қағидаларын бұзған

ШҚО-да "Браконьер" профилактикалық шарасы аясында 5 күн ішінде 110-нан астам құқық бұзушылық анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 100-ден астам адам аңшылық пен балық аулау қағидаларын бұзған
Фото:
ШҚО ПД

Облыс аумағында 1-28 ақпан аралығында республикалық "Браконьер" жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл күндері полиция қызметкерлері мен табиғат қорғау органдарының өкілдерінен құралған мобильді топтар тасжолдар мен "Шеп" жүйелері бекеттерін патрульдеп, көліктерді тоқтатып, қару ұстауға, аңшылық, балық аулау, ағаш кесу және басқа да табиғат пайдалану түрлеріне қажетті рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексереді.

Шара басталғалы 110-нан астам құқық бұзушылық анықталып, заңсыз аң аулау және балық аулау фактілері бойынша екі сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. 72 азамат аң аулау қағидаларын сақтамағаны үшін, 34 азамат балық аулау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Мысалы, Марқакөл ауданында полиция қызметкерлері Өскемен қаласының тұрғыны тізгіндеген Skoda Octavia көлігін тоқтатқан. Көліктің жүксалғышынан қажетті құжаттарсыз 50 кг "көксерке" балығы табылған. Ер адам балықты бейтаныс адамдардан сатып алғанын айтқан. Заңбұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, әрі қарай тексеру үшін Күршім ауданының балық инспекциясына жолданды.

Сонымен қатар, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу жағдайлары да тіркелді.

Следующая →