"Қазақстан халқына" қоры жиналған қаражатты қайда жұмсайды?
"Қазақстан халқына" қорының жобалары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдық білім беруді, денсаулық сақтау, оңалту, әлеуметтік қолдау, мәдениет, балаларға арналған және инклюзивті спортты дамыту үшін мүмкіндіктер жасауға, ТЖ кезінде көмек көрсетуге бағытталған

"Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев Қордың 2024 жылғы қызметінің қорытындысы жайлы баяндады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазақстан халқына"қоры 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасының бастамашысы болды, оның 62-сі аяқталды. Оларды іске асыруға 240 млрд теңге бөлінді, - деді Болат Жәмішев.
Оның айтуынша, үш жылда қор 252 млрд теңге қайырымдылық қаражат жинаған. 3 жыл ішінде жалпы сомасы 186 млрд теңгеге, 2024 жылы 96,6 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген.
"Самұрық-Қазына"ұлттық әл-ауқат қоры"АҚ жыл сайын таза табысының кемінде 7%-ы "Қазақстан халқына"қоғамдық қорына аударады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 50 млрд теңге көлемінде қаражат түсті. Қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев атап өткендей, алдағы жылдары да осындай мөлшерде қаражат келіп түседі.
Бұл қаражат бірінші кезекте онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға және 2025 жылы орфандық аурулары бар азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген тәсілдерге сәйкес дәрілік заттарды сатып алуға бағытталады, - деді Болат Жәмішев өткен баспасөз конференциясында
Болат Жәмішевтың айтуынша, "Қазақстан халқына"қоры білім беру саласында 19 жобаны жүзеге асыруда. Қор серіктестерімен бірге ауылдық жерлердегі 135 тірек мектепті жарақтандырған Биылға тағы 56 мектеп қалған. Сондай-ақ қор қаражаты есебінен жоғары оқу орындарында аз қамтылған отбасылардан, ауылдық жерлерден 3 мың студент білім алып жатыр.
Қор өңірлерде ерекше балаларға арналған 25 оңалту орталығын ашпақ. Әлеуметтік қолдау саласында қор жалпы 29 жобаны іске асыруда. Қор ауылдық жерлерде 5 облыстық оңалту орталығы мен 4 аудандық оңалту орталығын ашқан. Енді 25 оңалту орталығының ашуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, спорт және мәдениет саласында 14 бағдарлама мен жоба іске асырылуда. Батыс Қазақстан облысында 25 ауылдық кітапхананы жаңғырту және оларды ауылдық коммуналдық орталықтарға айналдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шалғайдағы елді мекендерде 100 спорт залы ашылды. Биыл ауылдық жерлерде ангар үлгісіндегі 40 спорт залын салу жоспарланған. Сондай-ақ, ор су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасылар үшін 5 өңірде 627 үй салуды қаржыландырды.
"Қазақстан халқына"қоры денсаулық сақтау саласында 30 жобаны іске асырып жатыр.
Біз орфандық аурулары бар науқастар үшін дәрілік препараттар сатып аламыз. Бүгінгі таңда біз міндеттеме алған және мүлтіксіз орындайтын дәрі-дәрмектердің он екі айлық қажеттілігі 44 млрд теңгені құарйды, - деп хабарлады "Қазақстан халқына" қорының басқарма төреғасы
Сонымен қатар, сәулелік терапияға арналған жабдық сатып алынады. Болашақта мұндай препараттарды кепілдендірілген бюджеттік қаржыландыруға қосу мүмкін болуы үшін елімізде алғаш рет онкологиялық науқастарға арналған таргеттік препараттар қолданыла бастады.