Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +24°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елдегі 3 оқу орны ЖИ саласында кадрлар дайындауды бастады

Шетелдік серіктестерімен бірге жұмыс жасай бастаған оқу орындарының бірі - Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ

Новости Казахстана / Елдегі 3 оқу орны ЖИ саласында кадрлар дайындауды бастады
Фото:
ektu.kz

Инженерлерді даярлау бағдарламаларына кәсіби қызметте жасанды интеллекті қолдануды оқытатын пәндер енгізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Елімізде 3 ЖОО шетелдік серіктестерімен бірге ЖИ саласында кадрлар дайындауды бастады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті SeoulTech университетімен; Сәтбаев университеті City University of Hong Kong (CityU) университетімен бірлесіп, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-мен Лу Бань шеберханасының базасында жасанды интеллект саласының мамандарын даярлаудың жаңа бағдарламаларын жүзеге асыруда. Осыған ұқсас жұмыстар басқа жоғары оқу орындарында да жүргізіліп жатыр, - деді ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова.

Сонымен қатар, жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында цифрлық университеттің пилоттық модельдері жүзеге асырылып жатыр.

Еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының өкілдері ел экономикасына қажет инженерлерді даярлау қалай жүргізілетіні туралы айтып берді.

Инженерлік білім берудің жаңа моделі бойынша кадрларды даярлау 2024 жылғы 1 қыркүйекте Сәтбаев университетінде және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде басталды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Жадыра Қоңырбаеваның айтуынша, қазіргі заманғы өндірістерге техникалық мамандардың үш негізгі түрі қажет: "техник" (жоғары технологиялық жабдықта жұмыс істеу, қызмет көрсету және жөндеу), "желілік инженер" (негізгі технологиялық процестерге қызмет көрсету) және full-инженерлер, олар жаңа жобалар мен технологиялар жасап шығарады.

Біздің міндетіміз – модельді іске асыру арқылы Қазақстан экономикасын әр деңгейде қажетті кадрлармен қамтамасыз ету, – деді Жадыра Қоңырбаева. - Модель ЖОО-да Желілік инженерлік мектеп, Инженерлік білім беру көшбасшылары, Fab Lab және АЗАО жобалары арқылы жобалық менеджмент тетігімен жүзеге асырылады. CDIO тұжырымдамасы негізге алынды. Бұл тұжырымдаманың негізі инженерлік білім беру жүйесін индустрия қажеттілігіне қарай реформалау болып табылады.

Модель Лу Бань шеберханасы негізінде іске асырылады, онда 8 елден 400-ге жуық студент оқиды.

Бұл электромобильдер саласындағы құзыреттерді арттыру жөніндегі бірегей зертхана, - деді Жадыра Қоңырбаева.

Сонымен қатар, Лу Бань базасында сертификаттау орталығы құрылады.

Сондай-ақ, ШҚТУ базасында "Көлік машина жасаудағы смарт-технологиялар және жасанды интеллект" инновациялық білім беру бағдарламасы іске асырылуда.

Следующая →